Бүгін сенаторлар педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салатын заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатқа сәйкес, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын компанияларды тексеру заңнамалық деңгейде реттеледі. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар, егер оларды ұзарту немесе ауыстыру мүмкіндігі болмаса, заңды күшінде қалады.
– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін былтыр 73 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 7 мың 700-ге жуығы Қазақстанға кіргізілмеді. Шеттен келгендердің көбінің уақытша жүру құжаты дұрыс болмаған. Былтыр 1 миллионнан астам шетел азаматы келген. Олардың көбі – осы жақын көрші мемлекеттен шекара асқандар, – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да жол апатынан 3 адам көз жұмды