|
15.08.2020 | 15:34
1338

Ақтөбеде карантин кезінде 70-тен астам той мен еске алу шарасы өткен

Карантин режиміне қарсы немесе санитарлық режимді бұзып, жұмыс істеген дүкендерге, сауда орталықтарына қатысты анықталған 184 құқықбұзушылық тіркелді

Ақтөбеде карантин кезінде 70-тен астам той мен еске алу шарасы өткен  Егемен Қазақстан

Ақтөбеде карантин кезінде 70-тен астам той мен еске алу шарасы өткен. Әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД-нің қызметкерлері 5 шілдеден бастап елімізде енгізілген карантин режимінің сақталуын бақылады. Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 785 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 71 жаппай салтанатты, еске алу шарасы анықталды. Оның ішінде Ақтөбе қаласы, Шалқар, Байғанин, Ырғыз және Алға аудандарында үйлену тойы өткізілген.

«Ырғыз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауласында үйлену тойын өткізгендерді анықтады. Полиция қызметкерлері осы факті бойынша шешім қабылдау үшін облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне материалды жіберді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Карантин режиміне қарсы немесе санитарлық режимді бұзып, жұмыс істеген дүкендерге, сауда орталықтарына қатысты анықталған 184 құқықбұзушылық тіркелді. Барлық заңсыздық бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне шара қабылдау үшін жіберілді. Полиция департаменті ақтөбеліктерді карантин режимін сақтауға, бұқаралық іс-шараларды өткізбеуге және қатыспауға, сондай-ақ қоғамдық орындар мен адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде қажетті жеке қорғаныс құралы қолдануға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир