Биыл жемқорлық фактісі туралы 600 хабар келіп түскен
Қазақстандықтарға жемқорлық фактісін хабарлаған адамға параның 10 пайызы берілуі мүмкін. Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның сөзінше, тың басманы барлық мемлекеттік органдар қолдап отыр. Жоба бойынша, бұл жұмыспен бірінші кезекте агенттік және құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметтері айналыспақ.
Айта кетейік, осы жылы жемқорлық фактісі туралы 600 хабар келіп түскен. Оның 44-іне қылмыстық іс қозғалыпты. Қоңырау шалатындардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Алик Шпекбаев әр фактіні жеке қарап, мәселені шешеміз дейді.