Зейнетақы жинағынан алуға болатын соманы БЖЗҚ сайтынан көруге болады

05.01.2021 20:34

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды

Фото: ашық дереккөзден алынды

БЖЗҚ сайты зейнетақы жинағынан алуға болатын қаржыны автоматты түрде көрсететін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды. Сондай-ақ жеке кабинетте өзіңіздің шотта қанша қаражат қалуы тиіс екендігін (ол әрбір жас санаты үшін әртүрлі) және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат сомасын (егер сіз оны бірден төлеу қажет деп есептесеңіз) білуге болады.