Жаңару кезеңіне қадам бастық – Болат Оспанов

18.02.2022 20:35
ozger-is.qamshy.kz

Құрметті теміржолшы, ҚХА мүшесі Болат Оспанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық арна тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы, тіл мәселесі жөніндегі көптеген сұрақтарға жауап бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын тамашаладық. Кездесуде қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы, тіл мәселесі жөніндегі көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Түсінген адамға Президент саяси астары бар маңызды сұрақтарға қатысты да нақты ұстанымын жеткізді. Елді күрделі өзгерістер күтіп тұрғаны хақ. Әрине, оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік аппараттың жұмысы үйлесімді болуы шарт", – деді теміржолшы.

Оның айтуынша, Президенттің қоғамда жиі талқыланып, көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сауалдарға берген нақты әрі тұшымды жауаптары көпшіліктің көңіліне сенім ұялатты. Зерделеп қарасақ, тарихта талай қиындықтар артта қалды. Соның ішінде бүгінде еліміз қаңтар оқиғасы салдарынан орын алған қиындықтарды сәттілікпен жеңіп, жаңару кезеңіне қадам басып келеді. 

"Халықтың  тұрмысы да, алдағы уақытта елдің саяси бағыты да өзгерер. Мемлекет басшысы осыған байланысты наурыз айында халыққа Үндеу жариялайтынын айтты. Халықтың үміті зор. Бұл жағдайдан да еліміз бірлікпен аман-есен өтеді деп сенемін. Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейтін тәмсіл бар. Баршамыз бір шаңырақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеретініміз сөзсіз", – деді ол.