Сұрақ қою мәдениеті де, сұраққа жауап беру үлгісі де көңілден шықты – Нұрлан Оразалин

17.02.2021 20:35

Ерекше форматта өткен онлайн кездесу көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды

Mail.ru

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тікелей эфирде берген есептік кездесуі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Ерекше форматта өткен онлайн кездесу көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жиынның мақсаты халықпен тілдесу. Соны ұйымдастырушылар да, содан кейін халық та, соны түсініп отырып, соған сұрақты қою мәдениеті де, сұраққа жауап беру үлгісі де көңілден шықты. Үлкен миллиондаған аудитория кетіп жатыр, бұл енді телеарна ғой енді», – деді ақын, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин.