Респонденттердің 69 пайызы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды.
2023 жылдың шілдесінен бастап Еңбек кодексінде төрт күндік жұмыс аптасы деген ұғым пайда болды. Аталмыш өзгерістен бір ай өткен соң, HeadHunter ұжымы Қазақстанда жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлады Almaty.tv.
Соның нәтижесінде осы күнге дейін қазақстандық компаниялардың ешқайсысы төрт күндік жұмыс аптасына ауыспаған. Респонденттердің 69 пайызы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды. Ал 3 пайызы ауысуды жоспарлап отыр, бірақ жақын арада емес.
Көп компанияда бірнеше себепке байланысты ауысуға мүмкіндігі жоқ. Оған үздіксіз өндіріспен айналысатын, тәулік бойы тұтынушыларға техникалық қолдау көрсететін, сондай-ақ қажетті қызметтерді ұсынатын компаниялар жатқызылады.
Дереккөз: Turkystan.kz.
Оқи отырыңыз: Қант бағасы тағы қымбаттауы мүмкін бе