Қазақстанда вейпке толығымен тыйым салынуы мүмкін

01.08.2023 21:28

Шенеуніктің айтуынша, мұндай шылым түрі ең алдымен, денсаулыққа зиян

Из открытых источников

Қазақстанда вейптерге толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шенеуніктің айтуынша, мұндай шылым түрі, ең алдымен, денсаулыққа зиян. Ал тыйым салынғаннан кейін бюджетке соққы келмейді. Яғни, қазынаға келіп-кетер пайдасы жоқ. Ұсынысты ведомствоаралық комиссия ұсынған екен. Оның құрамында депутаттар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері болған. 

– Бірақ әлі заң жобасы ғана бар. Ол әлі Парламентте талқыланады, әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Өйткені Парламентте бірнеше партия бар, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда кәсіпкерді пара беруге итермелеген күдікті ұсталды