|
03.09.2019 | 15:36
2020

Нұр-Сұлтанда бұзақылық екі есе азайған

Әкімдік те полицейлердің жағдайын жақсартуға үлкен мән беріп отыр

Нұр-Сұлтанда бұзақылық екі есе азайған открытые источники

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Президент Жолдауын талқылау бойынша қала активінің кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы алғанда, астанада оң нәтиже байқалады. Жыл басынан бері қылмыстың тіркелу деңгейі айтарлықтай төмендеген, ал көшедегі қылмыстар саны 41% азайған. Бұл – елге ант берген погондағы адамдардың үлкен жұмысы. Бұл – құқық қорғау органдарының еңбегі. Сегіз айда бұзақылық 2 есеге, зорлық-зомбылық – 15 пайызға, адам өлтіру – 32 пайызға, денсаулыққа ауыр зардап келтіру – 17 пайызға азайған», – деді қала әкімі.

Әкім құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін көтеру үшін Президенттің Ішкі істер министрлігін реформалауға үш жылға 173 млрд теңге бөлуді тапсырғанын атап өтті. Бұл қаражат еңбекақыны арттыруға, баспана жалдауға және Халыққа қызмет көрсету орталығы ұстанымы бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады. Әкімдік те полицейлердің жағдайын жақсартуға үлкен мән беріп отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир