Жүлде қоры 7 миллион: журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды

22.05.2019 20:37

Материалдар 21 маусымға дейін қабылданады

Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды. Жалпы жүлде қоры – 7 миллион теңге, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, БАҚ өкілдері мен блогерлер еліміздегі жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға, олардың өмірі мен жетістіктері мәселелерін қозғауы тиіс. Сайыс 7 номинация бойынша өтеді. Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода осы жылдың қаңтар-маусым айларында жарық көрген материалдар қатыса алады. 

«Өтініштер әр номинация бойынша қабылданады.  Ол үшін http://jasampazjastar.kz деген сайтқа тіркелу керек. Ол жерде байланыс нөмірлеріңізді көрсетіп, 3 материалға дейін бере аласыздар. Материалдар 21 маусымға дейін қабылданады. Комиссия мүшелері кәсіби журналистерден, кәсіби блогерлерден, кәсіби медиа-өкілдерінен құралады», дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы ЕРЛАН ҚОҚАМБАЕВ.