Қазақстанның бас банкі Qorqyt ata коллекциялық монеталарын шығарды

nationalbank.kz
nationalbank.kz
Монеталар сауда айналымына жарамды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық банкі «Дала қазынасы» сериясынан «QORQYT ATA» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Монеталар 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Ұлттық банкінің ғаламтор-дүкені арқылы сатылады.

Қорқыт ата – қобыз атасы  деп танылған өз заманының жыршысы, музыкант әрі композитор болған. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» мемориалдық кешені салынды әрі мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізілді. 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды.

«QORQYT ATA» монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Салмағы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Оқи отырыңыз: Астанада ер адам танысудан бас тартқан әйелді тонап кеткен

Новости партнеров