Қалада 22 наурыздан бастап тегін бағыт ұйымдастырылған
Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада 22 наурыздан бастап тегін бағыт ұйымдастырылған. Яғни, қоғамдық көліктер Тарауық намазы аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта тұрғындарды тасымалдамақ. Мәселен, «Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін автобус маршруты Целинный шағын ауданы, республика даңғылы, темір жол вокзалы мен Көктал-1,2 тұрғын үй аймағын қамтиды.