Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот басталды

avtoradio.kz
avtoradio.kz
Прокурорлар оны тағы бір ай үй қамақта ұстауды сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокурорлар оны тағы бір ай үй қамақта ұстауды сұрады. Олардың айтуынша, Елжан Біртановтың қазіргі қамауға алу мерзімі сәуір айының соңында аяқталады. Сондықтан, Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін. Дегенмен, күдіктінің адвокаттары соттан Біртановты босатуды сұрап отыр. Олар осы уақытқа дейін бұрынғы министрдің кінәлі екенін дәлелдейтін бір де бір дерек табылмағанын алға тартты. Қос тарапты тыңдаған судья әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Сот отырысы түстен кейін жалғасады. 

Еске сала кетсек, былтыр жазда Президент жарлығымен Елжан Біртанов қызметінен босатылған болатын. Кейін, қараша айында оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

Новости партнеров