|
10.10.2019 | 15:38
1044

Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік туристік ұйымының VIII жаһандық саммиті басталды

Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік туристік ұйымының VIII жаһандық саммиті басталды https://www.inform.kz/kz

Бәсі биік жиынға әлемнің 80 елінен 1400 қатысушы келген. Олардың арасында танымал сәулетшілер, журналистер және мемлекеттік, туристік ұйымдардың өкілдері бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Саммитте «ақылды қалаларды» дамыту арқылы қаланың өзекті мәселелерін шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялар тақырыптар талқыланады. Шараның ашылу салтанатында еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин  Нұр-Сұлтан қаласын ең үздік 50 тартымды туристік бағыттың қатарына енгізу көзделгенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі 2019-2025 жылдарға арналған Туризмді дамыту бағдарламасын әзірлегенін тілге тиек етті.

«Бағдарламаға сәйкес, ЖІӨ-дегі туризм үлесін арттырғымыз келеді. Оның экономика дамуына елеулі үлес қосқанын қалаймыз. Туризмді дамыту үшін мемлекеттік сектордан да, жеке сектордан да қаржыландыру қажет. Алайда, бұл салада үлкен бәсекелестік бар екенін де түсінеміз. Сонымен бірге, біз қала дамуы үшін заңнамалық базаны дамытамыз. Нұр-Сұлтан «ақылды технологияларды» дамытудағы басты күшке айналып келеді. Елорда әлемнің ең негізгі 10 қаласы ретінде дамып келеді деп айтуға болады», – деді ҚР Премьер-министрі АСҚАР МАМИН

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир