Ә. Қосановтың штабы Нұр-Сұлтанда өзен жағалауларын тазалады

Ә. Қосановтың штабы Нұр-Сұлтанда өзен жағалауларын тазалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әміржан Қосановтың Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық штабы экологиялық шара ұйымдастырып, өзен жағалауындағы саябақтардың бірінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Осылайша «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігі қаланың көркеюі мен дамуына өз үлестерін қоспақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кандидаттың ұстанымдарын барынша көп адамға жеткізу үшін бұл іске еріктілер мен жергілікті белсенді жастар да тартылды. Олар тазалық жұмыстарына қатысып қана қоймай, Әміржан Қосановтың сайлауалды платформасына қатысты сұрақтарға да жауап берді. Сондай-ақ, әдеттегідей насихат парақтарын таратты.

«Бірнеше еріктіден құралған топ қазір осы жерді тазалап жатырмыз. Жиналған жұртқа үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Бұған дейін де көп жерлерді араладық. Әлі де алда осындай қоғамға пайдалы істерімізді жалғастырамыз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабының мүшесі Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ.

Бас қаладағы штаб жұмысы мұнымен шектелген жоқ. Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері алдағы күндері үгіт шараларын жалғастыруды көздеп отыр. Ал, сайлаушылар саяси науқанға қатысты бар ақпаратты  орталық штабтан  не болмаса үміткердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле алады.

Новости партнеров