18 жасар қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионы атанды

18 жасар қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионы атанды
Карина Құзғанбаева 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Фиджиде (Сува) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Карина Құзғанбаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы  берген мәліметке сәйкес, Карина Құзғанбаева жарысқа 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Қос сайыс нәтижесі бойынша спортшы 224 (98+126) келі зіл темірді көтеріп, Әлем чемпионы атанған.

Сонымен қатар, Карина Құзғанбаева жұлқа және серпе көтеруде жақсы нәтиже көрсетіп, кіші алтын медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық ауыратлет Артем Антропов  Қазақстан қоржынына бірінші болып күміс жүлде салды. Сондай-ақ спортшы серпе көтеруде кіші күміс медаль алды.

Ертең 87 келі салмақ дәрежесінде Ахмерова Дарья жарысқа қатысады.

Новости партнеров