Астананың бас имамы бес баласынан айрылған отбасыға үй алып беретіндерін жеткізді (видео)

nur.kz
nur.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астананың бас имамы Наурызбай Өтпенов өрт салдарынан бес баласынан айрылған жанұя туралы айтты. Ол қазіргі уақытта қажетті қаражат жиналғанын, енді отбасыға үй сатып алып беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Жанұяға арнайы жиналған қаражат бар. Қазір көрсетілетін көмек туралы арнайы комиссиямен ақылдасамыз. Біз олардың ата-анасымен сөйлестік. Ақылдаса келе, мешіт атынан баспана сатып алып береміз деп шештік. Біз осылай келістік. Олар өз өтініштерін айтты, Алла қаласа, біз оларға көмектесеміз», - деді имам.

Оған қоса, әлеуметтік желідегі видеоларда «Хазрет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев бүгін 13,4 млн теңге жиналғанын, бұл сома жанұяға табысталатынын айтқан.

Егер кімде-кім жанұяға қаржылай көмек бергісі келсе, олар мұны жеке жүзеге асыра алады.

Одан бөлек, бүгін өрттен ажал құшқан апалы-сіңлілерді жер қойнауында тапсыру кезінде олардың туыстары халықтан отбасыға азық-түлік пен жиһазға, қажетті заттарға көмектесуді сұраған. Өйткені, оқиға орнында отбасының заттарынан тек күл ғана қалған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қайғыдан қан жұтқан отбасыға қайғырып, көңіл айтты.



Новости партнеров