Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасына көмек: Алаяқтар жалған шот ашқан

Өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасына көмек: Алаяқтар жалған шот ашқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақпанның 4-і күні Астанадағы Көктал-1 тұрғын алабында шыққан өрттен қайтыс болған бес қыздың жақындарына көмек көрсетуді желеу еткен жалған шоттар ашыла бастаған. Елімізге танымал тұлғалар көпшілікті алаяқтарға алданбай, тек марқұм қыздардың анасының атынан ашылған шотқа ақша салуға шақырды, деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында әншілердің жазбасына пікір білдірген оқырмандар жарыса жазды.

«Алла сабыр берсін! Мына шот дурыс па? Шынайы ма? Әйтпесе, осы қайғылы оқиғаны пайдаланып жатқандар көп. Кеше Whatsapp-тан үш түрлі шот келді», - деп жазды Айзада есімді желі қолданушысы.

Ал өзге желі қолданушысы қайырымдылық жасаймын деп, алаяқтардың шотына ақша аударғанын жеткізді.

«Мен алаяқтарға салып қойдым! Қап, Құдай-ай! Бұйырсын енді», - дейді Раушан есімді пікір білдіруші.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қыздардың анасының атынан ашылған бір ғана шот белгілі.

Аты-жөні: Ситер Жанымгүл Амангелдіқызы

Каспий Gold: 5169 4931 5217 1321

ЖСН: 860806451497

Естеріңізге сала кетейік, отандық шоу-бизнес өкілдері қайғыдан қан жұтқан отбасыға қаржылай көмек көрсетуге шақырды.


Новости партнеров