Былтыр елімізде 42 мың киік атылды

18.09.2024 20:39

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес киіктерді атуға тыйым салынды

elements.envato.com

Қазір елімізде киік атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еліміздегі киіктердің көбеюін реттеу Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Атуға рұқсат берудің екі себебі – олардың санының көбеюі және киіктерден ауыл шаруашылығына келген залал. 2023 жылы ел аумағында 42 мың бас киік атылды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес киіктерді атуға тыйым салынды», деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобус зейнеткерді басып кетті

Теги: киік