Жаңа Қазақстан: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

21.10.2023 00:48

Эко белсенділер бастамасымен 10 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылады

Сурет: elements.envato.com

Қалалық Мәслихат пен экологиялық бірлестіктердің бастамасымен 21 қазан сағ 10:00-де қалада кең ауқымды «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сенбілік аясында қала, демалыс аймақтары, саябақтар мен аулаларда тазалық жұмыстары жүргізіледі, ағаш отырғызылады деп  жоспарланған (10 мыңға жуық түп ағаш әзірленді).

Алматы қалалық әкімдігі көшеттер мен отырғызуға арналған жабдықтармен (қолғаптар, қаптар, күрек, тырмалар) ұсынып, қатысушыларды сумен қамтамасыз етіп, жиналған қоқысты полигонға шығарады.

Іс-шара өтетін барлық аумақтарда концерт пен 15 минуттық жаттығу сияқты мәдени ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған.

Сенбілік өтетін негізгі орындар:

1. ШААЖ тарапынан «Көк-төбе» баурайында

2. Алматы индустриялық аймағы мен «Батыс» зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаскеде

3. ALA саябағы

4. Көк Қайнар ы/а Боралдай өзенінің жағасында

Коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер әр ауданда өтеді:

Түрксіб ауданында:

1. Баум тоғайы, ҮАА бойында (Сүйінбай даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін),

2. Жас Қанат ы/а (1/33 ү. алдында), дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында,

Жетісу ауданында:

1. Айнабұлақ-4 (190 ү. алдында)

Медеу ауданында:

1. «Көк-төбе» көлбеуінде

Алмалы ауданында:

1. Сайран көлінің шығыс жағалауы

Әуезов ауданында:

1. Сайран көлінің батыс жағалауы

Алатау ауданында:

1. Боралдай өзенінің жағасында, ы/а Көкқайнар

Бостандық ауданында:

1. «Достық» саябағы (Тимирязев көшесі Шашкин көшесінің қиылысы)

Наурызбай ауданында:

1. ы/а Шұғыла, Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Алатау көшесінің шығысындағы бос учаске.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда қайырымдылық акциясы өтті