Жыл басынан бері көпбалалы аналар 153,3 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның мәліметінше, биыл 390 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған. Оны алуға 4 баладан артық тәрбилеп отырған, я болмаса, жоғары не күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылардың бәрі де табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай 44 532 теңгеден басталады. Ал, 16 баласы бар отбасы 177 792 теңге алады. Министрлік мәліметінше, жалпы 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.
8 балаға - 88 896 теңге;
9 балаға - 100 008 теңге;
10 балаға - 111 120 теңге;
11 балаға - 122 232 теңге;
12 балаға - 133 344 теңге;
13 балаға - 144 456 теңге;
14 балаға - 155 568 теңге;
15 балаға - 166 680 теңге;
16 балаға - 177 792 теңге;