Қазақстан азаматтығын алғысы келгендер енді қазақ тілінен емтихан тапсырады

bankchart.kz
bankchart.kz
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру міндетті болмақ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген Тамара Дүйсенова Қазақстанның мемлекеттік тілі мен тарихын білу бойынша емтихан тапсыру талабы көп жағдайда, елімізге келетін этникалық қазақтарға да қатысты екенін айтты.

«Бүгінде алыс шетелдерден құжатында ұлты нақты көрсетілмеген этникалық қазақтар көптеп келіп жатыр. Осыған орай, қазақ тілі мен тарихын білу бойынша білім базасының ережесі дайындалды. Біз бұл ережені келер жылы біз құжатында ұлты көрсетілмеген этникалық қазақтар үшін де сынақтан өткіземіз», - деді ол.

Новости партнеров