|
22.04.2019 | 15:40
2111

Түркістан облысында төрт жасар қыз суға батып кетті

Әкесі судан алып шыққанда ол көкпеңбек боп, ес-түсін білмей жатқан

Түркістан облысында төрт жасар қыз суға батып кетті

Түркістан облысында 4 жасар бүлдіршін абайсызда суға батып кеткен. Алайда кішкентай қызды әкесі құтқарып қалып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аулада ойнап жүрген Айару Әбдіқадыр үйінің жанындағы үлкен арыққа құлап кеткен. Бүлдіршін суда шамамен 10 минуттай қалып қойған.  Әкесі судан алып шыққанда ол көгеріп, ес-түсін жоғалтып алған.  Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, оның өкпесіне толып қалған суды шығаруға кіріскен. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілгеннің арқасында, баланың беті бері қараған.

Бүгінде балақай Абай ауылындағы Орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Айарудың денсаулығы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен ауыстырылып, тиісті ем алуын жалғастыруда.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир