Алматыда ТКШ қызметтеріне тарифтердің өсуі халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына өтеледі. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы мақсаттарға бюджеттен 2023 жылдың соңына дейін 3,3 млрд теңге, ай сайын 544 млн теңгеден бөлу жоспарлануда.
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына жататын 315 мың азамат тұрады. Аталған тұлғаларды қолдау аясында біз тарифтерді көтеру үшін өтемақы төлеуді жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік көмек мөлшері 0,5 АЕК (1725 теңге) құрайды деп нақтылады Асқар Әмрин.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Инвестицияларға айырбастау тарифі бағдарламасына көшу аясында коммуналдық қызметтер бағасының шамалы өсуі жыл сайын жылумен жабдықтау коммуникацияларын 2-2, 5%-ға, сумен жабдықтау 2%-ға және электрмен жабдықтау 1,2%-ға жөндеуге және өзгертуге мүмкіндік беретінін, осылайша мегаполистің он мыңдаған тұрғындарын сапалы инженерлік желілермен қамтамасыз ететінін түсіндірді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов атап өткендей, өтемақы сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т. б. сияқты қызметтердің 12 түрі бойынша тарифтердің көтерілу айырмашылығын жабатын болады.
Мысалы: пәтері 40 ш. м. болатын азаматтарға тарифтердің өсуі 110%-ға 60 ш. м - тарифтердің 90%-ы,70 ш. м. тарифтердің 80%-ы жабылады.
Осы Ережелер ағымдағы жылдың соңына дейін қолданыста болады, одан әрі ұзарту Алматы қаласының 2024-2026 жылға арналған бюджетін әзірлеу кезінде қаралады.
Өтемақыға құжаттарды аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қабылдайды, төлемдер өтініш берушілердің шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы түсетін болады.
Анықтама үшін:
ХӘОТ санаттарындағы 315 430 азаматтың:
• ҰОС арадгерлері – 54 адам. (0,02%);
• басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-әрекеттердің ардагерлері - 2978 адам (0,94%);
• ҰОС ардагердлеріне теңестірілгендер – 1538 адам (0,48%);
• Бірінші және екінші топтағы мүгедектер – 28 433 адам. (8,9%);
• Мүгедек баласы бар отбасылар немесе оларды тәрбиелеушілер – 8591 адам (2,71%);
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталғандар, көпбалалы аналар – 35 562 адам (11,2%);
• мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, – 534 адам (0,16%);
• жасы бойынша зейнеткерлер – 237 740 адам. (75,1%).