Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 40/1 мекен-жайында орналасқан кафеге жапсарлас құрылыстың бұзыла басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сот шешімімен нысан заңсыз салынған деп танылды. Тамақтану желісінің нүктесі рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқан.
Өткен жылдың 19 маусымында басқарма заңбұзушылық фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша «Ала кафе» ЖШС қатысты шара қабылдады.
2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қосымшаны заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді.
Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Бүгін сот шешімін орындау мақсатында бұзу жұмыстары басталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда табыс пен мүлікке салық салудың жаңа жүйесі енгізілуі мүмкін