Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды

07.06.2023 20:41

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

kaz.tengrinews.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым, сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралмақ.

Еске сала кетейік, Серік Күдебаев ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздігі үшін жазаға тартылған еді.

Оқи отырыңыз: «Төрт жерімнен пышақтады». Жамбыл облысының тұрғыны полицейлерге кінә артып отыр