«Төрт жерімнен пышақтады». Жамбыл облысының тұрғыны полицейлерге кінә артып отыр

news1.ru
news1.ru
Аурухана төсегіне таңулы жатқан азамат досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын алға тартып, құзырлы органдардан әділдік сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Полицейлер 4 жерден пышақ сұқты». Мұндай сұмдықты Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны желіге жариялап, үндеу жасады. Аурухана төсегіне таңулы жатқан азамат досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын алға тартып, құзырлы органдардан әділдік сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өзінің бейнеүндеуінде жәбірленуші бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген. Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.  

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шарасын жүргізуде. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды», – деді Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Новости партнеров