Оқушы болған жағдайдың барлығын анасына айтып берген
Қарағандыда көршісі 9 жастағы қызды құрылыс алаңына апарып зорлап, үйдегілерге айтпа деп қорқытқан, деп хабарлайды NUR.KZ.
Полиция мәліметінше, оқушы болған жағдайдың барлығын анасына айтып берген.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы азғындаған күдіктіні дереу ұстады. Ол қираған құрылыс алаңында жасырынып қалмақ болған.
Облыстың арнайы қылмыстық сотының судьясы педофилді кінәлі деп тауып, 19 жылға бас бостандығынан айырды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабының негізінде жыныстық қылмыстар туралы істер жария етілмейтінін ескере отырып, іс бойынша тыңдаулар мен үкімді жариялау жабық есікте өткізілді.