Ақтөбеде өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратын 14 адам 800 миллион теңге айналымы бар фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл сорақылықты Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы анықтаған.
"Сауалнама алынған «кәсіп иелері» бұған еш қатысы жоқтығын, олардың үшеуі 1 және 2-топтағы мүгедектер екенін көрсеткен. Сонымен қатар 2021 жылдан 2022 жылдың сәуіріне дейін мұндай «бизнес» айналымы шамамен 800 миллион теңге болған", - дейді аудан прокуроры Жасұлан Дәулембаев.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
Оларға мектепке дейінгі білім беруді жан басына қаржыландыруға қарастырылған қаражатты ұрлады деген айып тағылып отыр.