Алматыда 70 жастағы қария он күннен бері табылмай жатыр

Стопкадр Almaty.tv
Стопкадр Almaty.tv
Қария туған жері Қызылорда облысына барғысы келетінін жиі айтатын көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арғынбек Жантілесов 7 шілде күні кешкісін үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Бір күн күтіп, хабар болмаған соң келесі күні туыстары полицияға шағым түсіріпті. Бірақ әзірге ол еш нәтиже берер емес, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Зейнеткер альцгеймер дертіне шалдыққан, сондықтан есін білмеуі әбден мүмкін дейді Арғынбек ақсақалдың жары.  

«Кешкі сағат 19.00 шамасында ол терезеге үңіліп қарады да, асығыс киініп шығып кетті. Ал біз кешкі тамақ ішкелі жатқанбыз. Әдетте тысқа шығып, қоқыс тастап, үйді айнала серуендеп келетін. Бұл жолы да сөйтетін шығар деп күттік. Негізі 2010 жылы жүрек талмасын алған, былтыр соған ота жасаттық. Бірақ одан кейін жағдайы тіпті нашарлап кетті. Есін жиі жоғалтатын болды», – дейді А. Жантілесовтың жұбайы Найля ЖАНТІЛЕСОВА.

Арғынбек Жантілесовтің жары жұбайымен отасқалы бері 45 жылда отбасында ешқандай ұрыс-керістің болмағанын, қарияның қарапайым, сабырлы адам екенін айтуда. Еріктілер де қазір іздеу тобын құрып, баруы мүмкін деген аумақтарды қарап жатыр. Көрген адамдар бар екен. Бұған дейін жоғалған қарт туған жері Қызылорда облысына барғысы келетінін жиі айтатын дейді туыстары. Табылып жатса, сол арманын орындаймыз деп үміттерін жоғалтпай отыр.

Арғынбек Жантілесовтің отбасы ол кісіні көрген-білген жандар болса, мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды. +7 702 953 30 86; +7 777 440 36 37 немесе 102

Новости партнеров