Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар
Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KazNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Моңғолиялық Forbes журналы «30 жасқа дейінгі ең перспектиалы 30 моңғолиялық» рейтингін жариялады.
Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар. Биылғы жылғы тізімге екі қандасымыз кірген.
Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне "Хэруга партнерс" компаниясының негізін қалаушысы, адвокат Базар Әшімұлы мен "CallPro" компаниясының атқарушы директоры Аягүл Тілейханқызы бар.