Елімізде мемқызметкерлер фитнеске тегін бара алады

NUR.KZ
NUR.KZ
Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының бірқатар мемлекеттік органдарында икемді жұмыс уақыты енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР МҚІСЖҚІҚ  Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Мадина Наурызбек мемлекеттік қызметшілердің спорт нысандарында тегін шұғылдана алатынын айтты, деп жазды Бақ.кз.

Ол қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдаланатынын, спорттық жаттығуға, тіл курстарына баруға, отбасымен бірге уақыт өткізуге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктері бар екенін айтты.

«Этика бойынша Кеңес мүшелерінің бастамасымен барлық өңірде мемлекеттік қызметшілердің салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мақсатында оларға спорт нысандарына тегін бару мәселесі пысықталды. Бүгінде 20 мыңға жуық мемлекеттік қызметші спортпен тегін шұғылданады», - деді ол.

Ол мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыру үшін Инвестиция және даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әділет, сыртқы істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде икемді жұмыс кестесі енгізілгенін айтты. Өңірлік деңгейде Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының бірқатар мемлекеттік органдарында икемді жұмыс уақыты енгізілген. Икемді жұмыс кестесі қызметкердің отбасылық қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту және салауатты өмір салты сияқты басқа да өмір салаларына уақыт бөлу мақсатында, жұмыс күнінің күнделікті басталуы мен аяқталуын өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік береді.


Новости партнеров