«Бақытты отбасы» орталығы Алматы еріктілерімен бірігіп әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемдеспек. Бұл туралы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және «Бақытты отбасы» орталығы қызметінің жаңа бағыттары туралы баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бақытты отбасы» – бұл көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға ғана арналған орталық емес. Біз мүмкіндігімізді арттырғымыз келеді. Сондықтан біз Nur Otan жастар қанатының еріктілерін жұмылдырып, олармен бірге жағдайы төмен отбасыларды анықтау бойынша кең көлемді акциялар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зүлфия БАЙСАҚОВА.
Осы күнге дейін 10 мыңға жуық отбасы «Бақытты отбасы» орталығынан көмек алған. Орталықтың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды анықтау және балаларға арналған түрлі курстардың жұмысын жақсарту.