Қазақстан АЭС салу үшін АҚШ технологиясын қолданбайды

03.08.2022 20:44

Министр көгілдір отынға қосылу жұмыстарының кешенді жобасымен бөлісті

hightech.fm

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан АЭС салу үшін АҚШ технологиясын қолданбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болат Ақшолақов әзірге нақты бір технологияның таңдалмағанын айтты. Қазірдің өзінде бірнеше нұсқа ұсынылып жатыр. Не мемлекет өзі салады, болмаса технология лицензиарына салу мүмкіндігі беріледі. Минстрдің айтуынша, қауіпсіздік, сесмикалық зерттеу әлі жүргізіліп жатыр.

"Бұған дейін лайықты технология таңдау процесі жүріп жатқанын айтқан едік. Әзірше нақты түрін таңдап алған жоқпыз. Өткен жылы Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға барып көрдік, БАӘ сапар барысымен бардық. Жоспарда венгер нысандары бар. Барлық станса әртүрлі технологиямен салынған. Түркияда - ресейлік «Росатом» технологиясы. Аталған елдердегі технологиялардың оң және теріс жақтарын саралау қажет",- деді миинстр.  

Министр көгілдір отынға қосылу жұмыстарының кешенді жобасымен де бөлісті. Қазіргі таңда 11 млн қазақстандық көмір тасып, от жағу машақатынан құтылған. Бұл жұмыстар әлі де жалғаспақ. Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес, газдың ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған 10 инвестициялық жоба әзірленіпті. Оның екеуі жыл соңында аяқталады. 

"Газ тасымалдау жүйесін салуға, жаңғыртуға, елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге бағытталған 10 инвестициялық жоба іске асырылып отыр. 10 жобаның екеуі биыл аяқталады. Алтауы іске асырылу сатысында және 2 жоба бойынша жұмыстар 2023 жылы басталады",- деді Болат Ақжолақов.

Соңғы 5 жылда ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35% артқан.  Өткен жылдың өзінде ғана 3600-ден астам өнеркәсіптік нысан көгілдір отынға көшіріліпті. Министрлік биыл қазақстандықтардың газды тұтыну көлемін 20 млрд текше метрге дейін өсіруді жоспарлап отыр. Мұнымен қоса жылдық жұмыстар тізбесінде алдағы 3 жылда энергия көздерін жаңғыруға бағытталған 40 жобаны жүзеге асыру да қарастырылып отыр. Нәтижесінде 3,2 мың жұмыс орны құрылып, сала дамуына күш салынбақ. 

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, "Алматы" телеарнасы