Алматыда жасанды интеллект некелесу рәсімін өткізді

20.09.2023 20:44

Салтанатты рәсім әлеуметтік желіге жүктелген

almode.ru

Алматыда өткен ерекше тойды маркетолог Алина Курбанова мен Айбол Қабылбаев атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізген.

Жас жұбайлардың айтуынша, бұрын-соңды мұндай той ұйымдастырылған емес. Ерекше тойдың салтанатты сәтін олар әлеуметтік желідегі Instagram парақшасына
жүктеген.

- Бұл той ерекше жоба болды: қазақ тойы мен жасанды интеллект, - деп жазған Алина Курбанова.

Оқи отырыңыз: Су тегін: бағыңды сынап, сыйлық ұтып ал