Жамбыл облысында ауыл тұрғындары арықтан су ішіп, күн көруге мәжбүр. Иә, шалыс естіген жоқсыз. Сай саладан жылғалай аққан суды тұндырып тұтынып отыр. Оның зиянды екенін сіз де біліп отырсыз. Ал, лай суды ішкен балалардың денесін жара басып, шетінен ауырып жатыр дейді, тұрғындар. Шырылдаған жұрттың шағымын Almaty.tv тілшісі Мерей Бает тыңдаған еді.
Оқиға болған жерден:
- Мына сайдан су алған кезде жоғарыдағы адамдардың барлығы қоқыс тастайды. Қап-қап мусор. Шприс памперс және бірнәрселер мына жерге келіп тақалады. Ішінің бәрін тазалап аламыз да су алсақ ішінің бәрі қоқым.
Ауыз судың азабын Жуалы ауданындағы Қайрат ауылының тұрғындары тартып отыр. Абай көшесіндегі халық мына арықтан су ішеді. Күнделікті ыдыс-аяқ пен киім кешекті жуып, балаларын да жуындырады. Содан болса керек балалардың денесіне белгісіз бөрітпелер шыға бастаған.
Блиц:
- Жара шықты. Басына дейін шығып кетті. Аудан әкіміне жолықтым. Ауылдың әкімінен ештеңе шешілген жоқ. Біз ештеңе істемейміз. Жуалы суға барыңыздар дейді. Жуалы су айтады бізге ақша бөлінбесе, біз оны жүргізіп бере алмаймыз.
- Ішетін суды тасып ішеміз. Қыстыгүні шанамен, арбамен су тасимыз.
Мұндағылар қазір ауыз суды ауылдың келесі бөлігінен, ендігісі туыс-таныстардан тасуға мәжбүр. Ауру-сырқау шыққан соң ауыл әкімдігіне барған. Бірақ мәселенің шешімі болмапты. Одан соң құдық қазып амалдауға тырысқан. Десе де таулы жердегі су тартылып, тіршілік нәрінен тағы тарыққан. Ауылдықтар мұнан соң аудан басшылығына 300-ден аса өтініш пен шағым жазған. Аудан әкімінің сөзінше, 3 айда су жүйесін тартып бермек. Бірақ «биікте орналасқан мекенге су көтерілмеу қаупі бар» дейді.
«Су бар. Бірақ халық көбейген сайын басындағы жасалған құбыр оны тарта алмайды. Құбырдың көлемін көбейту керек. Ең басты күрделі мәселе су беретін тоғандардың құбырлардың көлемі көбеймеген. Халық үш есе көбейген құбыр сол баяғы», – деді Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов.
Жалпы Жуалы ауданында судың проблемасы өте күрделі. Себебі 49 елдімекеннің тең жартысында орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ. Одан қала берді жер асты сулары да зерттелмеген. Аудан орталығының өзінде 8 көше ауыз суға зәру. Сондықтан бұл жағдай аудан емес облыс көлеміндегі күрделі мәселеге айналып отыр.
Мерей Бает, Нұрлыбек Ержанұлы, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынын