Мадина Сәдуақасова: 9 ай құрсағыңда бала көтеріп, толғатып босанған оңайырақ екен

ok.ru
ok.ru
Аллам берген бір ұл Әнуарымыз аман болсын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәдина Сәдуақасова тағы да балалы болуы жоспарлап жүр. Дәрігерлерге жүгінген әнші табиғи жолмен бала көтергеннің артықшылықтарын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бір ұлдың анасы дәрігерлердің көмегіне жүгініп, перзентті болуға талпынып жүр. Алайда әлі ешқандай нәтиже жоқ. Көңіл-күйі түскен әнші көпшілікке уайымын айтты.

«Соңғы кездері ешнәрсеге зауқым жоқ, көңіл күй де біресе былай, біресе былай құбылады, ән, фотоссесия, клип, интервью, инстаграм түгілі, өмір түгіл «өзімді де білмеймін» болып жүрдім. Шет жағасымен бөліскім келіп тұр сіздермен. Өмірімде сонша анализ тапсырып көрмеппін. Гормон, витамин, т.б. олардың миллион түрі бар екенін, шынымды айтсам осы жасқа келіп бірінші рет білдім. Дәрігер мамандардың та түрлісіне жолығады екенсің. Содан кейін препараттардың түр-түрін күніге тоқтатпай салады 14 күн бойы. Жаным шықты демей-ақ қояйын, бірақ 9 ай құрсағыңда бала көтеріп, толғатып босанған оңайырақ екен.

Аяғында ешқандай нәтиже шықпағанды біліп тіпті шашылады екенсің. Алладан тілеп, бұндай өте қиын жолмен перзентті дүниеге әкелген барлық аналарға , отбасыларға бас идім. Ал мен болсам енді тағы бұндай қиындықтардан өте алмаймын-ау, Аллам берген бір ұл Әнуарымыз аман болсын. Уақыт бар ғой әлі. Алла Тағала біздерге тағы перзент сүюді жазар. Ал мен есімді жиып жан жағыма қарап, жұмысқа кірісейін», – деп жазды Сәдуақасова желіде.

«Аллам барша əйелдің құрсағындағы сəбидің дені сау, он екі  мүшесі түгел, ақыл - есі дұрыс иманды, ақылды болып туылуын нəсіп етсін. Аумин», «Алладан үміт үзбеңіз! Мүмкін еместен мүмкін жасайтын жаратқанның берерінен күдер үзбеңіз!», «Үмітіңізді үзбеңіз,бұйырса балалы-шағалы болыңыз, тілекшіміз», «Барына шүкір, балаң аман болса, он балалы болады», «Алла берерін тоқтатпасын», «Ұлыңыз бар ғой, шүкір етіңіз, бәрі бір Алланың қалауымен», «Деніңіз сау болсын. Білуші, естуші, көруші бір Алла! Алладан сұраңыз», «Алла береді өзі-ақ, тек тілей беріңіз күнде», «Көп балалы ана, бақытты отбасы болыңыздар», – деп жазды желідегі оқырманы.



Новости партнеров