|
04.06.2021 | 15:45
1248

Біз – ел патриотымыз: Елордада Мемлекеттік рәміздер күні орай жастар форум өтті

Бас қалада жастардың қатысуымен бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті

Біз – ел патриотымыз: Елордада Мемлекеттік  рәміздер күні орай жастар форум өтті astana-akshamy.kz

Жастар ұлттық құндылықтарымыздың жаршысы. Елордада Мемлекеттік  рәміздер күні ұйымдастырылған «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында тәуелсіздік тұғырын нығайтуда жастардың рөлі талқыланды. Бұдан бөлек, бас қалада жастардың қатысуымен бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. Ол жөнінде толығырақ Almaty.tv тікелей эфирінде әріптесім Асылбек Тойбек айтып берсін.

- Асылбек, бас қалада рәміздеріміз қалай ұлықталып жатыр. Сөз өзіңде.

- Қайырлы күн, Өмір! Мереке құтты болсын! Иә, пандемияға байланысты көптеген мерекелік шаралар онлаин режимде өтуде. Дегенмен бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жастары рәміздерге деген риясыз құрметін танытты. Атап айтар болсам, автошеру ұйымдастырылды. Оған 30 жеңіл автокөлік және 10 шақты мотоцикл мен спорттық көліктер қатысып жатыр және барлық көлік мерекеге орай мемлекеттік байрақпен безендірілді. Көліктер шеруі «Мемлекеттік рәміздер» алаңынан бастау алып, қала бойынша 30 шақырым жүріп өтпек.

«Мемлекеттік рәміздер – елдігімізді, тәуелсіздігімізді нышандайтын белгілеріміз. Сондықтан жастарымызды патриоттық, қазақстандық бағытта тәрбиелеу мақстаында жыл он екі ай осындай шаралар өткізіледі. Мысалы, «Менің әнұраным, менің  елтаңбам» акциясы жастарымызды бірлікке шақыратын, аталмыш күнді атап, мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығын көрсететін іс-шаралардың бірі», – деді Jas Оtan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Бұдан бөлек, елорда жастары «Туыңды қадірле» челенджін бастады. Үйлерінің балкондарына көк байрағымызды іліп, осылайша халықтың патриоттық сезімдерін күшейуді мақсат еткен. Сонымен қатар, көліктерінің ішіне де туды іліп қойып, мемлекеттік нышандарға деген құрмет танытуға шақыруда.

«Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Туыңды қадірле» атты челенджді естідім. Көргеннен кейін осы челенджге қатысуға бет бұрдым. Өзімнің үйімде тұрған туымды балконыма шығарып, басқа халықтарға қала тұрғындарына дәріптеу мақсатында, осы туыммен мақтанушы үшін балконға ілдім», – деді қала тұрғыны Әбдіқахар Сламқұл.

Негізінінен шаралардың көбі жастардың бастамасымен және қатысуымен өтіп жатыр. Сөзіміздің айғағы – «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы. Бұл шарада Ұлттық құндылықтарымызды құлдыратпау, оларға деген құрметті күшейту, тәуелсіздіктің қадірін білу секілді маңызды мәселелер айтылды.

«Жастардың бүгінгі алқалы жиыны Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар ойлаймын. Мемлекеттік рәміздер егемендіктің мәртебелі нышаны болса, жастар елдіктің, кемел келешектің кепілі. Сонымен бірге, бүгінгі форум бәріміз үшін қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп отыр. Тәуелсіздік біз үшін жанымызды тәу етіп келеміз. Тәуелсіздік ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, біздің ұлттық идеямыз. Сондықтан ел ертеңі жастар үшін Тәуелсіздіктен асқақ мұрат, асқан құндылық болмауы тиіс», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

- Өмір, бұл елордада өтіп жатқан көп шаралардың бір парасы. Күні бойы әртүрлі мерекелік акциялар, көрмелер өтеді. Олар туралы толығырақ қортынды жаңалықтарымызда айтамыз. Ал, мен сөз кезегін өзіңе берейін

- Рахмет. Бізбен елордадан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Тойбек болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир