|
01.03.2019 | 17:45
10993

Алматылық кәсіпкерлер «Бақытты отбасы» челленджін бастады

Ерекше эстафетаны қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген ашты

Алматылық кәсіпкерлер «Бақытты отбасы» челленджін бастады

Алматылық кәсіпкерлер «Бақытты отбасы» челленджін бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ерекше эстафетаны қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайберген ашты. Ол өзі сынды кәсіпкер серіктестерін табысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесуге шақырды. Халық қалаулысы кедей отбасында өскенін және соған қарамастан қиын-қыстау кезеңде де қайырымдылықпен айналысқанын еске алды.

«Мен бұл челленджді әрмен қарай өзімнің кәсіпкер әріптестерім, Арманжан Байтасовқа, Серік Түлкібасовқа, Гүлмира Толғанбаеваға, Дулат Тастекеевке және Алмас Әбдіғаппаровқа жолдаймын. Сіздерді де көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беруге шақырамын!», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Ерекше акцияға барлық қазақстандықтар да қатыса алады. Қайырымдылық қордың реквизиттері қазір экранда көрсетілген. Айта кетейік, ізгілікті істі бастаған Қайрат Құдайбергеннің өзі бірінші болып қорға 7 млн теңге қаражат аударды.

«Бақыттыотбасы- Алматы» ҚҚ

Тіркеу нөмірі:

# 116016-1910-ФД

БИН: 190240024506

Банктік шот нөмірі:

KZ096018771000050471 (Халық банк)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир