Президент Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы іс-әрекетіне қатысты мәлімдеме жасамақ
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік комиссия мүшелерінің Төтенше жағдай режиміне қатысты шешім қабылдайтынын жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр», - деп жазды Берік Уәли.