Аза тұту: Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсірді

29.08.2021 20:46

ҚР Президентінің Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

сурет: T.C. Nur-Sultan Büyükelçiliği / Turkish Embassy in Nur-Sultan

Түрикяның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі қазақ халқымен тілектестік ниетін білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы ғимаратына ілінген мемлекеттік туды төмен түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Қазақстанда жарияланған ұлттық аза тұту күніне байланысты бауырлас қазақ халқымен тілектестік ниетінде Елшілігіміздегі туымызды жартылай төмен түсірдік. Осы орайда, жарылыстардан қаза тапқандарға тағы да Алладан рақым, жараланғандардың да тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деп жазылған Facebook-тегі мәліметте.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.