Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанды

29.08.2021 20:54

Қазақстандық дзюдошы 70 келіден астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды

olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды,  деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы 70 келіден астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл бәсекеде әзербайжандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның Токио Паралимпиадасындағы төртінші медалі - бұған дейін Давид Дегтярев пауэрлифтингте «алтын» алған, ал дзюдошылар Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс медаль иеленген болатын.