|
29.07.2019 | 15:46
4748

«Өлтірем деп қорқытқан»: Шымкентте екі қызды зорламақ болған педофил сотталды

Сот барысында айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан

«Өлтірем деп қорқытқан»: Шымкентте екі қызды зорламақ болған педофил сотталды

Шымкентте екі жеткіншек қызды зорламақ болған педофил сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, аталған соттың үкімімен азамат А. ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Оған химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылатын болды.

Айта кетейік, сотталушы ағымдағы жылдың 2 мамырында күндізгі сағат 12.30 шамасында 9 жасар қызға күш қолданып, өлтіремін деп қорқытқан. Сөйтіп баланы көпқабатты үйлердің бірінің артындағы өсіп кеткен бұталардың арасына күштеп апарып, жас балаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасамақ болған.

Жеткіншектен үстіндегі киімін шешуді талап еткен. Сол уақытта жәбірленуші зорлықшының қолын жібергенін пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Сол жерде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Осылайша сотталушы өзінің қылмыстық пиғылын ақырына дейін жеткізе алмаған.

Алайда ол онысымен қоймай, сол маңда келе жатқан 12 жасар қызды кездестіріп, оны күшік көрсетем деп алдаған. Оның да қолынан ұстап, өлтіремін деп қорқытқан. Зорлық әрекеттерін жасауға оқталған кезде, жәбірленуші көмек шақырып айқайлаған. Сол жерде жүрген адамдар оқиға орнына келіп, сотталушыға қылмыстық әрекетін ақырына дейін жеткізуге кедергі жасаған. Олар оны ұстап, полицияға тапсырған болатын.  

Сот барысында айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

педофил
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир