Салымшылар бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатына шектік сомадан асқан жағдайда қол жеткізеді
Келер жылдан бастап 1 миллионға жуық қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алады. Ал, ақшаны мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болмақ. Бірақ қай айдан бастап бұл мүмкіндікті азаматтар пайдалана алатыны әзірге белгісіз. Алайда қаржыңыз «жеткілікті шегінен» асса бірнеше мәрте белгіленген мақсатта алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін жақын туыстары үшін де пайдалану құқығы берілмек. Ол қалай жүзеге асырылады? Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.
Салымшылар бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатына шектік сомадан асқан жағдайда қол жеткізе алады. Қаржы тұрғын жағдайын жақсартуға, ем-дом алуға және басқарушы компанияларға қатысушыларға берілмеді. Осы үш санаттағы 1 миллионға жуық қазақстандық аталған мүмкіндікке ие болмақ.
«Зейнетақы жинағының негізгі мақсаты қартайған шақта тұрақты кірістермен қор салымшыларын қамтамасыз ету екенін айта кеткім келеді. Сондықтан азаматтарға отбасының қажеттілігін ескере отырып, олардың мәселесіне байыпты қарау ұсынылады. Қаңтар айынан бастап, нормативті құжаттар бекітіледі, механизмдерін іске қосатын боламыз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмади Cарбасов.
Келер жылдан бастап қордағы ақшаны белгілі бір мақсатта пайдалануды «Отбасы банкі», «Индустрия және инфақұрылымдық даму және Денсаулық сақтау» министрілігі қарастырады. Белгілі мөлшердегі жинақтың бір бөлігін алуға кез келген адамның сомасы жетпейді. Мұндай жағдайда отбасында зейнетақы қорында қаражаты жеткілікті жақыны, туысы көмек бере алады.
«Қордағы қаражатты алуға сомасы жетпесе, туыстарына өтініш жазып, олардың зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат етіледі. Салымшы порталда өтінішін жазады. Сосын біз оның қандай туысы екенін анықтаймыз. Олар бір үйдің адамы болу керек», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Бұдан бөлек жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен тіс дәрігеріне, офтальмологқа және тіпті пластикалық хирургқа баруға болады. Медициналық қызметтердің тізімі халықтың қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруі мүмкін. Ал, осының барлығына салымшылар жинақтарының бір бөлігін алу үшін өтінімдер қабылдау процессі онлайн жүргізіледі. Ол үшін қаңтар айында арнайы платформа іске қосылмақ.