2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының көмегімен 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы бойынша антикор қызметі айтты. Жобаның мақсаты – азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатыстырып, еріктілерді тарту.
Айта кетейік, мұндай іс-шара елдің өзге аймақтарында да ұйымдастырылған. Жобаға басқа облыстарға қарағанда алматылық волонтерлер белсенді түрде атсалысып жатыр.
- Біз күн сайын мемлекеттік органдардың сатып алуын бақылап отырамыз. Егер тауарлар мен қызметтердің құнын шектен асырса, бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаймыз. Ары қарай мәселемен солар айналысады, - дейді ерікті Давранбек Садықов.
Оқи отырыңыз: Елімізде судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі