Түркістан-Шымкент автожолында жүк көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, аударылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Қазавтожол баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2024 жылғы 29 шілдеде сағат 06:00 шамасында Түркістан облысы Түркістан-Шымкент бағытындағы автожолдың 2210 шақырымында DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, жол үстінде аударылып қалған.
Бұл жол онсыз да жөнделіп жатқан, сондықтан, апаттың видеосында жол қопарылғандай әсер қалдырады.
«Жолдың бойында барлық ескерту жол белгісі орнатылған. Бүгінгі күні мердігер мекеме кранның көмегімен жүк көлігін орнына қайтадан тұрғызып, қысқа уақыт мерзімінде жол қозғалысын қайтадан қалыпқа келді», - деп хабарлады ҚазАвтожол.
Еске салсақ, shymkent.dtp парақшасында көлік апатының видеосы жарияланған болатын. Онда қопарылған жол мен бір қапталымен құлап жатқан жүк көлігін көруге болады.