«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге кепіл қаражат төлеп, тұтқыннан босатылды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Сот шешімі шықты. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», - деді ҚР ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.
Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.