|
Қоғам
18.02.2019 | 15:48

Алматыда 120 көшеге жарық диодты шамдар орнатылады

Алматы көшелеріндегі жарықтандырудың 30%-ы энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылған

Алматыда 120 көшеге жарық диодты шамдар орнатылады фото: Служба по связям с общественностью акимата Алматы

Ыңғайлы әрі қауіпсіз орта құру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып және Алматы қаласының көрнекті нысандарының сәулетті жарықтандыруын орнату жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сілтеме жасап.

Алматы көшелеріндегі жарықтандырудың 30%-ы энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 1400 км сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жоспарланып отыр, соның аясында 42 мыңнан астам цилиндрлік және 46 мыңға жуық LED-шамдары орнатылады.

«Биылғы жылы Алматыда қалалық кеңістікті жаңарту жалғасады. Бүгінгі күні қаланың тарихи орталығының үштен екісі қайта қалпына келтіріліп, 524 көше мен 1400-ге жуық аула қайта жөндеуден өтті. 300 км арық пен 1000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жерасты өткелдері жаңартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ көліктік реформаны жүзеге асыру аясында өткен жылы қала маршруттарына 500 жаңа автобус енгізілген. Биыл да қаладағы автобус парктерін жаңарту жалғасатын таппақ.