Adal Urpaq: жастар арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жоба басталды

26.04.2024 20:49

Жоба Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырмасы негізінде іске асты

Almaty.tv

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында Алматыда «Adal Urpaq» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік тапсырмасы негізінде іске асты. Іс-шараға жемқорлықтың алдын алуды көздеген құрылымдар мен сарапшылар, қоғамдық ұйымдар қатысты. Бастама жас қазақстандықтардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған қадам болып табылады.

– Жастардың болашағы  жарқын болсын десек, Сингапур мемлекетіндей жемқорлықсыз өмір сүреміз десек, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек, – деді Алмалы аудандық «Адалдық алаңы» жобасының мүшесі Альмира Таубаева.

– «Adal Urpaq» жобасы аясында сыбайлас-жемқорлыққа қатысты студенттерге пайдалы ақпарат айтылды. Қатысушылар құқығын қорғау үшін көп мәлімет алды деп ойлаймын, – деді жобаға қатысушы Ақниет Кеңесбай.

Оқи отырыңыз: Инвесторларға қолдау күшейді