|
14.08.2022 | 16:23
2993

Ironman Kazakhstan-ға кімдер қатысып жатыр

2200 әуесқой триатлоншылар өз күштерін сынауда

Ironman Kazakhstan-ға кімдер қатысып жатыр baq.kz
Бүгін елордада беделді спорттық жарыстардың бірі Ironman триатлон сериясының BI Group Ironman 70.3 Astanа жарысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Биыл стартқа BI Group Ironman 70.3 Astana жарысының қатысушылары ғана емес, сонымен қатар толықтай жарысу қашықтықтары бойынша BI Group Ironman Kazakhstan қатысушылары да өз бақтарын сынауда.

Бүгінгі таңда 2200  әуесқой триатлоншылар өз күштерін сынауда. Олардың ең жасы Үндістан елінің өкілі  Avishkar Gacgale (18 жаста), ал ең үлкен  қатысушылар ресейлік Сергей Кольга мен германиялық Реинхард Дрогла (72 жаста).

Әлемнің 75 елінен келген 112 эстафеталық командалар арасында 1400 қатысушы "жартылай", 800-дей қатысушы "толық" қашықтықты бағындыратын болады.

Қазақстандық қатысушылардың арасында «Орда» тобының солисті Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіпқой триатлоншы Екатерина Шатная және «Алматы Марафон» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева да бар.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев стартқа жиналған триатлеттерге сәттіліктер мен жарқын жеңістер тіледі. 

"Құрметті спортшылар, қонақтар! Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Көптен күткен ауқымды IRONMAN жарысы міне елордамызда өткізілгелі отырмыз. Ұзақ үзілістен, пандемиядан кейін, биыл міне Нұр-Сұлтан қаласында қайта ұйымдастырудың сәті түсіп отыр. Барша жарыс қатысушыларына сәттілік, жеңіс тілейміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетейік жарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен өтуде.

"Қазақстандағы соңғы IRONMAN үш жыл бұрын өткен еді. Біз жарысқа қатысушылардың барлығын қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Аяқтарыңыз шаршамасын, жақсы нәтижелер көрсетулеріңізге тілекшіміз. Біз осындай ауқымды шараға қатысқанымызға ризамыз", - дейді Айдын Рахымбаев.

Еске сала кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі орындарында өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады.

"Ұзақ карантин кезеңінен кейін Қазақстандық спортшылар бүгін жарысқа қайта оралды. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Біз жарыста 45 слот ойнау мүмкіндігіне ие болдық, сондықтан олар мықтыларға бұйырсын", - деп атап өтті жарыс директоры Алексей Сидоренко.

BI Group IRONMAN Kazakhstan Гавайи, Калуа-Конада IRONMAN World Championship 2022-де 45 слот ойнатылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир